Дәрігер ең зиян жаңажылдық салаттарды атады

Дәрігер ең зиян жаңажылдық салаттарды атады

Онколог дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Антон Ильин "Газете.Ru" тілшісіне танымал жаңажылдық салаттардың зияны туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Дәрігердің сөзінше, ең зиян салаттар тізімінде бірінші орында - оливье салаты. Ильин бұл салаттағы өнімдер бір-біріне үйлеспейтінін айтады.

"Көпкомпонентті тағамдар ас қорыту жүйемізге зақым келтіреді. Ал құрамында кем дегенде алты зат және майонез бар оливье адам ағзасына кері әсер ететіні сөзсіз. Ең қауіптісі қайнатылған шұжық. Себебі, шұжықтың құрамында соя, крахмал, май көп, бірақ ет аз", - деді онколог.

Ол бұл салат асқазаны, бүйрегі, бауыры ауыратын адамдар үшін қауіпті болуы мүмкін екенін, салат құрамындағы тұздалған қияр адам денесіндегі суды сақтап, ісінуге әкелетінін айтады.

"Сондай-ақ, оливье жоғары калориялы. Оливьенің орташа бөлігін қорыту үшін шамамен 10 шақырым жүгіру керек", - деп ескертеді Ильин.

Дәрігер екінші зиянды салатқа тон астындағы майшабақты жатқызды. Қайнатылған картоп, сәбіз және қызылша қандағы қантты бірден көтеріп қана қоймай, бүйрек ауруы жоқ адамдарға да ауру тудыруы мүмкін. 

Маманның айтуынша, көп мөлшерде майлы тамақтар мен ішімдікті бірге ішу жіті панкреатитке душар етуі мүмкін. Маман оның алдын алу үшін майонезді аз қолдануға немесе оны майлылығы төмен қаймақпен, йогуртпен алмастыруға кеңес берді. 

"Бір жаңа жыл түнінде түрлі тағамдарды жеу ас қорыту жүйесіне салмақ түсіріп, ағзаға қауіп төндіреді", - деді ол. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова