Индонезияда жойқын жер сілкінісі болып, 162 адам қаза тапты

Индонезияда жойқын жер сілкінісі болып, 162 адам қаза тапты

Индонезияның Ява аралында жер сілкінісі болып, 162 адам қаза болды, - деп хабарлайды Daily Mail басылымы.

АҚШ Геологиялық қызметінің мәліметінше, 5,6 балдық жер сілкінісі Батыс Явадағы Чианджур қаласында 10 шақырым тереңдікте болған.

Жер асты дүмпулері ел астанасы Джакартадан шамамен 100 шақырым жерде сезілген.

Индонезия астанасының көпқабатты ғимараттарынан адамдар эвакуацияланды.

Индонезия билігі жерасты дүмпулерінің қайталануы ықтимал екенін ескертіп, қаза болғандар саны артады деп болжап отыр.

Жер сілкінісі болған жерде халық тығыз қоныстанған, үйлер сапасыз салынған.

Жергілікті биліктің мәліметінше, құтқарушылар қираған ғимараттардан адамдарды эвакуациялауға тырысып жатыр.

Чанджур қаласы әкімшілігінің басшысы Герман Сухерман бұл табиғи апаттан кем дегенде 162 адам қаза болғанын хабарлады.

"Зардап шеккендер түрлі аудандардан келіп жатыр. 700-ге жуық адам жарақат алды", - деп атап өтті Сухерман.

Табиғи апаттардың салдарын жою жөніндегі ұлттық агенттік Чанджур аймағында ондаған ғимарат бүлінгенін, олардың арасында аурухана мен ислам мектеп-интернаты барын айтты.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова