Алматы мен Астанада желтоқсанда ауқымды ретрофестиваль өтеді

Алматы мен Астанада желтоқсанда ауқымды ретрофестиваль өтеді

70-ші, 80-ші және 90-жылдардағы көрермендердің сүйікті әртістері қазақстандықтарды таңертеңге дейін билететін танымал әуендермен қуантудан жалықпайды. 2022 жылдың аяғында қазақстандықтарды тағы бір ірі музыкалық іс-шара - жаңажылдық ретрофестиваль күтіп тұр. Ретрофестивальдің екінші мәрте басты ақпараттық серіктесі - Ретро FM. Бұл радио толқынынан күн сайын әртүрлі кезеңдегі сүйікті әндерді тыңдап, рахаттана аласыздар.

Алматыда 107,5 FM толқынында, Астанада және елдің басқа қалаларында 104,5 FM толқынында Ретро FM-ды тыңдаңыздар.

18 желтоқсанда атақты әртістер Астана тұрғындары үшін "Барыс Арена" мұз айдынында өнер көрсетеді. 19 желтоқсанда Алматыда "Алматы Арена" мұз айдынында концерт өтеді. Әдеттегідей, елдің ең үлкен алаңдары музыканттарға керемет дыбыс пен жарық беріп қана қоймай, мыңдаған көрерменді қабылдауға дайын. Олар жастық шақтағы әндерді жанды дауыста тыңдауды біртіндеп жақсы дәстүрге айналдырып отыр.

"Әлемдік жұлдыздардың Қазақстанға келуі - үлкен оқиға, бірінші фестиваль осыны көрсетті. Алдағы жаңажылдық ретрофестивальдің қатысушылар құрамы одан да танымал болады. Ретро ФМ Қазақстан радиосының тыңдаушылары жастық шақтағы кумирлерін көруге, олардың хиттеріне билеуге мүмкіндік туады деп ойлаған жоқ. Мысалы, Dr. Alban немесе Haddaway жылдар бойы әлемдік чарттарда көш бастаған еді, бүгінде олар аңызға айналған. Ретро ФМ Қазақстанның ең үздік орындаушылары бір сахнада!" - деді Ретро FM бағдарламасының директоры Константин Головин.

Ауқымды концерттің қонақтары өткен жылдардағы би алаңдарының ең жарқын жұлдыздары - Haddaway, Snap, "Стрелки" тобының алтын құрамы, Mr. President, "Краски" тобының вокалисі Оксана Ковалевская, Erotic және басқалары. Екі қала тұрғындары Dr. Alban-ның аты аңызға айналған It’s My Life трегін, In-Grid-тің Tu Es Foutu және In-Tango туындыларын тыңдау үшін жиналады. Сонымен қатар, "Комиссар" және Morandi топтарының хиттерін тыңдауға келеді.

"Ретро фестиваль - музыка арқылы адамдарды өткенге қайтаратын уақыт машинасы. Сондықтан біздің міндетіміз - олар үшін сапалы мәдени кеңістік құру және ұрпақтар байланысын нығайту. Бұл біздің алғашқы тәжірибеміз емес, алдыңғы фестиваль керемет өтті. Көрермендерден алғыс алдық. Іс-шараның екінші бөлімі туралы ойлаған да жоқпыз, бірақ көрермендер қайталауды сұрады. Сондықтан оны дәстүрге айналдырып, адамдарға қуаныш сыйлауды шештік!" - деді концертті ұйымдастырушы Жанар Байғозина.

Екінші фестивальден ұйымдастырушылар көрермендерден керемет көңіл күй күтеді. Айта кетейік, алғашқы концерт бүкіл ел бойынша үлкен қызығушылық тудырған еді. Қазақстандықтар әртістерді басқа да қалаларға әкелуді сұрай бастады. Жағдайдан шығу үшін басқа қалаларға шағын фестивальдармен тур ұйымдастырыла бастады. Команданың айтуынша, бұл концерттер халыққа қуаныш пен өздерінің маңызды екеніне сенім ұялатады.

Дәстүр бойынша, жаңажылдық ретрофестиваль көрермендерін керемет дыбыс сапасы ғана емес, шоуды 360 градусқа қарауға мүмкіндік беретін залдың ортасындағы сахнада ұмытылмас көрініс күтеді. Концерт билеттерін 8 000-нан 20 000 теңгеге дейін сатып алуға болады.

Ретро FM-ды тыңдаңыздар және осы қыстың басты шоуынан құр қалмаңыздар!

Ж. Қадыржанова