"Мынау таза Тоқаевтың жүрісі". Белгілі әзілкеш Президентке пародия жасады

Белгілі әзілкеш Дәулет Бижанов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа пародия жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видео TikTok-та тарап, 490 мыңнан аса қаралым жинаған.

"- Тәке, сайлауға бардыңыз ба?

- Бардым.

- Кімге дауыс бердіңіз?

- Бұл негізі қиын сұрақ. Тигр - қашан да тигр ғой", - делінген видеода.

@olzhik1kz

Кімге дауыс беріңіз?

♬ оригинальный звук - КИНО ӘЛЕМІ

Желі қолданушылары видеода әртіс Президенттен аумай қалғанын жазған.

"Мынау таза Тоқаевтың жүрісі", "Жүрісін тошны салдың, брат", "Шығармайтындары жоқ", "Әртіс десе әртіс", "Айнымайды", - деп жазған Желідегілер.

Еске салайық, бұған дейін кезектен тыс президент сайлауының алғашқы exit-poll деректері айтылған болатын. Соған сәйкес Қасым-Жомарт Тоқаев 82,45 пайыз дауыс жинаған еді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!