Мемлекет бюджетіне 10,7 триллион теңге қайдан түсті?

Мемлекет бюджетіне 10,7 триллион теңге қайдан түсті?

Биыл қаңтар-қыркүйек қорытындысы бойынша, мемлекет бюджетіне 14,8 триллион теңге түсті. Бұл былтырмен салыстырғанда 31,1 пайызға көп, - деп хабарлайды Ranking.kz.

Салыстырмалы түрде айтар болсақ, былтыр мемлекет бюджетіне 11,3 триллион теңге түскен.

Мемлекеттік бюджетке түсетін қаржының 71,9 пайызы салық: 10,7 триллион теңге. Оның ішінде қосылған құн салығынан түсетіні - 4,2 триллион теңге, табыс салығынан - 3,8 триллион теңге, халықаралық саудаға және сыртқы операцияларға салынатын салықтардан - 1,6 триллион теңге, әлеуметтік салықтан - 741,2 миллиард теңге, меншік салығынан - 351,5 миллиард теңге түскен. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина