Сайлау-2022: ОСК сайлаудың алдын ала нәтижесін жариялады

Орталық сайлау комиссиясының кезектен тыс президент сайлауы бойынша алдын ала нәтижесі шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бүгінде дауыстарды санау аяқталған. Сайлауға құқылы 11 953 465 адамның 8 300 046-сы дауыс берген. 

ОСК нәтижесі бойынша: 

  • Қарақат Әбден - 2,06 пайыз дауыс (206 206);
  • Нұрлан Әуесбаев - 2,22 пайыз дауыс (176 116 адам);
  • Жигули Дайрабаев - 3,42 пайыз дауыс (271 641 адам);
  • Мейрам Қажыкен - 2,53 пайыз дауыс (200 907 адам);
  • Қасым-Жомарт Тоқаев - 81,31 пайыз дауыс (6 456 392 адам);
  • Салтанат Тұрсынбекова - 2,12 пайыз дауыс жинады (168 731 адам).

460 484 адам не 5,08 пайыз адам бәріне қарсы жауап берген. 

@massaget.kz #сайлау2022#қасымжомарттоқаев#2022#қазақстан#казахстан#выборы#2022#рек#хочуврек#новости ♬ оригинальный звук - Massaget.kz

Еске салайық, 20 қарашада Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтті. Exit-poll нәтижесі бойынша, оның ішінде, "Ашық қоғам" институты жүргізген сауалнама нәтижесі бойынша кезекті exit poll қорытындысы бойынша:

Қарақат Әбден - 2,54 пайыз дауыс;
Нұрлан Әуесбаев - 2,17 пайыз дауыс;
Жигули Дайрабаев - 3,33 пайыз дауыс;
Мейрам Қажыкен - 2,23 пайыз дауыс;
Қасым-Жомарт Тоқаев - 82,45 пайыз дауыс;
Салтанат Тұрсынбекова - 2,08 пайыз дауыс жинады. 

5,2 пайыз адам "бәріне қарсы" дауыс берген. 

Ал "Қоғамдық саясат" институты деректері бойынша: 

Қарақат Әбден - 2,61 пайыз дауыс;
Нұрлан Әуесбаев - 1,93 пайыз дауыс;
Жигули Дайрабаев - 2,67 пайыз дауыс;
Мейрам Қажыкен - 2,43 пайыз дауыс;
Қасым-Жомарт Тоқаев - 85,52 пайыз дауыс;
Салтанат Тұрсынбекова - 1,44 пайыз дауыс жинады. 

3,40 пайыз адам бәріне қарсы жауап берген. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!