Ұйқысыздық мазалап жүр ме? Иммунолог сізге қажет тағамдарды атады

Ұйқысыздық мазалап жүр ме? Иммунолог сізге қажет тағамдарды атады
Фото: © elements.envato.com

Аллерголог әрі иммунолог Елена Парецкая ағзадағы йод қорын толықтыруға және иммунитетті нығайтуға көмектесетін он тағамды атады, - деп хабарлайды "Доктор Питер".

Маманның айтуынша, йод жетіспеген кезде ағза да зардап шегеді. Сондықтан балалардың өсуі мен даму процесі бұзылады, ал ересектерде иммун қорғанысының деңгейі мен өнімділігі төмендейді. Йодтың ұзақ мерзімді жетіспеушілігі зобтың пайда болуына, мойынның жуандауына, онкологияның даму қаупін арттыруға әкеп соқтыруы мүмкін.

Парецкаяның сөзінше, мүкжидек, құлпынай, қара өрік, асшаян, треска, тунец, күркетауық, картоп, ақ бұршақ және теңіз қырыққабаты ағзаны йодпен қамтамасыз етеді. Бұл тағамдар йодтың және басқа микроэлементтер мен дәрумендердің таптырмас көзі саналады.

Денедегі йодтың жетіспеушілігін бірнеше белгілерге назар аудару арқылы анықтауға болады. Оларға ұйқышылдық, ашуланшақтық, қысымның жоғарылауы, кеудедегі ауырсыну, бас ауруы, тәбеттің төмендеуі, шаш пен тырнақ проблемалары, зейіннің нашарлауы және ауа райының өзгеруіне сезімталдық жатады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова