Алматы облысында жер сілкінді

Алматы облысында жер сілкінді

Алматы облысында жер сілкінісі тіркелді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясының мәліметтеріне сілтеме жасап.

"21 қарашада жергілікті уақыт бойынша сағат 04:57-де сейсмикалық стансалар желісіне жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 285 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан", - делінген хабарламада.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 9.2. Магнитудасы MPV 4,3. Тереңдігі 5 шақырым.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова