Ұлытау облысында ауылға қасқыр шапты

Ұлытау облысында ауылға қасқыр шапты

Желіде Ұлытау облысында ауыл маңына келген қасқырлар иттермен арпалысқаны түсірілген видео тарады. Видеоны Newscorr қолданушысы жариялаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видео авторының айтуынша, бұл оқиға Ұлытау облысы, Қарсақбай өңірінде болған. Сондай-ақ, ол ауылға кірген бөрілер күшіктерін іздеп келуі мүмкін екенін айтады. Өйткені ауылдағы аңшылардың бірі қасқырдың апанындағы бөлтіріктерді тірідей алып кетсе керек. Осыдан кейін олар табындағы малға шабуын жиілетіп, тіпті ауыл маңына келе бастаған.

Бірақ ауылдағы бөрібасарлар қасқырларға лайықты қарсылық көрсетіп, көшеге кіргізбегені видеода көрініп тұр. Кейін иттермен арпалысқан қасқырлар кері шегінуге мәжбүр болады. Өйткені аңшылар бірнеше рет мылтық атып, ауыл иттерін құтқарып қалған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова