Бүгін ауа райы қандай болады?

Қазгидромет 21 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Синоптиктердің мәліметінше, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстан Республикасының басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады.

Елдің солтүстігінде, шығысында, орталығында қар жауады. Республика бойынша тұман, көктайғақ болады.

Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста жел күшейеді, шығыста, орталықта бұрқасын күтіледі.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында қалың қар жауады.

Түркістан, Алматы облыстарының таулы аудандарында қатты жауын-шашын болады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!