Көптеген аймақта дауыс беру аяқталды
![Көптеген аймақта дауыс беру аяқталды](/userdata/news/news_74627/image_l.jpg)
Қазақстанның көптеген аймағында кезектен тыс президент сайлауында дауыс беру аяқталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Елдің батысында сайлау учаскелері бір сағаттан кейін жабылады. Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау және Қызылордада дауыс беру Астана уақыты бойынша сағат 21.00-де аяқталады. Түн ортасынан кейін алғашқы exit poll деректері пайда болады.
ОСК-да сайлаушылардың дауыстары есептеледі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина