Дауыс беруге келгендер саны қаншаға жетті?

16:00-дегі жағдай бойынша, Қазақстанда президент сайлауына келгендер саны 62,34 пайыз болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ОСК-ға сілтеме жасап. 

"Қазақстан бойынша, сағат 16:00-дегі жағдай бойынша, президент сайлауына 7 миллион 450 мың 395 адам немесе сайлаушылардың 62,34 пайызы қатысты", - деді брифингте Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцова.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!