Сайлауда қанша қазақстандық дауыс беріп үлгерді?

Астана уақыты бойынша сағат 10:00-дегі жағдай бойынша, Қазақстанда президент сайлауында азаматтардың 23,37 пайызы дауыс берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Қазақстан бойынша сағат 10:00-дегі жағдай бойынша, президент сайлауына 2 292 962 адам немесе сайлаушылардың 23,37 пайызы дауыс берді", - деді Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісов брифингте.

Ең көбі Қарағанды облысының тұрғындары дауыс берген - 32,27 пайыз. Ең азы Алматыда тіркелді - 8,42 пайыз. 

Дауы беру жергілікті уақыт бойынша, 20:00-де аяқталады. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!