Үміткерлер президент сайлауында дауыс беріп бастады

Үміткерлер президент сайлауында дауыс беріп бастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алғашқылардың бірі болып "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан Жигули Дайрабаев дауыс берді. Отбасымен бірге Қазақстан фермерлері қауымдастығының басшысы Астанадағы № 369 сайлау учаскесінде дауыс беру құқығын пайдаланды.

Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның (ЖСДП) кандидаты Нұрлан Әуесбаев та президент сайлауында дауыс берді. 


Tengrinews.kz/Мейірім Смайыл

Ұлттық кәсіпқой әлеуметтік қызметкерлер Альянсының кандидаты Қарақат Әбден де президент сайлауында дауыс берді.


Tengrinews.kz/Аружан Дәрібай

Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадағы Оқушылар сарайы ғимаратындағы сайлау учаскесінде дауыс берді.

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы басталды

Президенттікке кандидат Мейрам Қажыкен кезектен тыс сайлауда дауыс берді. Ол Астанадағы № 66 мектеп-лицей ғимаратындағы № 113 сайлау учаскесінде өз дауысын берді.

Кандидат Салтанат Тұрсынбекова да дауыс берді. Ол Астанадағы Республикалық физика-математика мектебінің № 107 сайлау учаскесінде өз дауысын берді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!