Ақмола облысында мектеп қазандығы жарылды: бір жұмысшы қайтыс болды

Ақмола облысында қазандық жарылған кезде зардап шеккен жұмысшы қайтыс болды. Бұл туралы ақпаратты ТЖМ ресми өкілі Руслан Иманқұлов растады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"1967 жылы туған отжағушы маман алған жарақаты мен күйік салдарынан емдеу мекемесінде қайтыс болды", - деді Иманқұлов.

Еске салайық, бұған дейін Ақмола облысындағы мектеп қазандығы жарылып, салдарынан үш адам зардап шеккені хабарланған еді.

ТЖМ мәліметінше, оқиға 18 қарашада сағат 12:18-де Аршалы ауылында, Писарева көшесінде болған. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!