Желіде тапанша ұстап, жұртты шошытқан жасөспірімнің видеосы тарады

Желіде тапанша ұстап жүрген жасөспірімнің видеосы жұртты шошытты. Полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл видео Еgovpress Telegram-арнасында пайда болды. 

"Видеоны 13 қарашада Талдықорғанда өтіп бара жатқан куәгерлер түсірген. Оқиға орнына шақырылған қалалық полиция қызметкерлері сал ауруына шалдыққан 18 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Видеодағы қару ойыншық тапанша екені анықталды. Полиция қызметкерлері жасөспірім туыстарына тапсырды", - деп хабарлады полиция қызметкерлері.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!