Сайлау 2022: Қазақстанда "тыныштық күні" басталды

Қазақстанда 19 қараша кезектен тыс президент сайлауы қарсаңында тыныштық күні болып жарияланды. Бұл күні кез келген үгіт-насихат жұмыстары заңсыз болып саналады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровтің айтуынша, 18 қараша сайлау науқанының соңғы күні болды.

"Сайлау науқаны дауыс беру күнінің алдындағы күні жергілікті уақыт бойынша сағат 00:00-де аяқталады. 19 қараша - тыныштық күні. Бұл күні сайлау науқанына байланысты кез келген әрекетке тыйым салынады, заңда ол үшін жауапкершілік көзделген", - деді Әбдіров ОСК отырыстарында.

20 қарашада Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтеді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!