Ғылымда ерлер мен әйелдердің үлесі қандай? Министр жауабы

Ғылымда ерлер мен әйелдердің үлесі қандай? Министр жауабы
Фото: amanatpartiasy.kz

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек отандық ғылымдағы әйелдердің роліне тоқталып, саны артып келе жатқанын жеткізді. Ол бұл туралы "Қазақстан дамуының жаңа кезеңіндегі отбасылық, демографиялық және гендерлік саясат" атты халықаралық ғылыми конференцияда айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстанның ғылыми қызметкерлерінің жартысы - әйелдер. Ғалымдардың 54 пайызы - әйел. Олардың саны жыл сайын артып келеді. Мысал ретінде, коронавирусқа қарсы QazVac вакцинасын әзірлеген - биолог ғалым Күнсұлу Закария", - деді министр.

Сондай-ақ, конференция барысында БҰҰ сарапшылары Қазақстан гендерлік теңдік бойынша көрсеткішін жақсартып, 80-орыннан (2021 жыл) 65-орынға (2022 жыл) дейін көтерілгенін атап өткен.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова