"Көп адамның ерік-жігері жетпейді". Жаман әдеттен қалай арылуға болады?

Zhuldyz радиосында қонақта болған жас психолог Асылнұр Нұраддин жаман әдеттерден қалай арылуға болатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның сөзінше, жаман әдеттен құтылудың бес түрлі жолы бар. Бұл орайда маман шылым шегуге қатысты мысал келтірді.

"Жаман әдеттен құтылудың негізгі бес жолы бар. Бірінші - жаман әдет бар екенін мойындау. Мысалы, темекі шегетініңізді мойындау, темекіден арыла алмай жүргеніңізді мойындау, қабылдау. Неше рет шылым шегетініңіздің санын, есебін білу. Бұл өте маңызды. Жаман әдетті пайдалы әдетке айналдыру қажет. Темекі шегудің орнына серуендеп келу, таза ауа жұту немесе темекі шеккісі келгенде құрт жеп, орнын алмастыру қажет. Өмірге жаңа дағдылар енгізу қажет. Денсаулығымызды дұрыстау үшін спортпен айналысқанымыз дұрыс. Темекі шегетін ортадан аулақ жүрген жөн. Бесінші - өз-өзіңізге жауапкершілік алу. Көп адамның ерік-жігері жетпейді", - дейді психолог Асылнұр Нұраддин.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!