Талдықорғанда ер адам 12 жастағы қыздың артынан аңдып, тиіспек болған: іс айрықша бақылауға алынды

Желіде Талдықорғанда ер адам 12 жастағы қыздың артынан аңдып, тиіспек болғаны туралы видео тарады. Полиция бұл дерекке қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция мәліметінше, оқиға 16 қарашада болған. Кешкі уақытта Талдықорғанда белгісіз ер адам 12 жастағы қызға тиіспек болған. Бала зардап шеккен жоқ.

"Бұл дерек бойынша күдіктіні анықтауға және ұстауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралары ұйымдастырылды. Арнайы іс-шаралар қалалық полицияның күшімен жүзеге асырылып жатыр, оларға облыстық Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының жедел уәкілдері де қосылды. Тергеу жүргізіліп жатыр, іс Жетісу облысы ПД-ның ерекше бақылауына алынған", - делінген хабарламада. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!