Қызылордада ер адам қызды интим суреттерін жариялаймын деп бопсалаған

Қызылордада ер адам қызды интим суреттерін жариялаймын деп бопсалаған

Қызылордада ер адам қызды интимдік суреттерін жариялаймын деп бопсалаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ішкі істер министрлігінің Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, полицияға 29 жастағы қала тұрғыны хабарласып, танысының әлеуметтік желіде интимдік сипаттағы суреттерді жариялаймын деп қорқытып ақша бопсалағанын айтқан.

"Осы дерек бойынша Қызылорда қаласы криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде облыстың 33 жастағы тұрғыны ұсталды. Айғақты заттар тәркіленді", - делінген хабарламада.

Күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің 194-бабының 1-бөлігі "Бопсалау" бойынша соталды тергеу басталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова