Қаңтарда дүкен тонағандардың жаза мерзімі қысқарады

Жуырда Мемлекет басшысы қол қайған қаңтар оқиғасына қатысты сотталғандарға "Рақымшылық жариялау туралы" заңға байланысты бас бостандығынан айыру орындары мен пробация қызметінің бақылауына алынған сотталғандардың ісі қайта қаралып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ведомство мәліметінше, Алматы қаласы Бостандық аудандық пробация қызметі бақылауында қаңтар оқиғасына қатысты қылмыс жасағаны үшін 9 сотталған есепте тұр. Олар соттың шешімі бойынша ауыр қылмыс жасағандар деп танылған.

"Пробация бақылауында тұрғандардың арасында екі адам Magnum және Sulpak сауда үйлерін тонауға қатысқан. Осындай қылмыс жасағандардың арасында кәмелетке толмаған бала да бар. Заң талаптарына сәйкес қаңтар оқиғасы кезінде қылмыс жасаған 9 сотталғанның да жазасын өтеу мерзімі қысқартылады. Қазір олардың ісі Бостандық аудандық сотына жолданды", - дейді Бостандық аудандық пробация қызметінің инспекторы, әділет майоры Айнұр Айкенова.

Еске салайық, бұған дейін қаңтар оқиғасына қатысқан қанша адамға рақымшылық жасалатыны белгілі болғаны хабарланған еді. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!