Бір-бірімізге дайын сұрақ қоятынымыз ұят - министр

Бір-бірімізге дайын сұрақ қоятынымыз ұят - министр

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Семей тұрғындарымен кездесуде алдын ала дайындалған сұрақ қоймауды өтінді, - деп хабарлайды Arnapress.kz.

Басылым мәліметінше, халықпен кездесуде министрге мектеп кезінде қандай үйірмемен айналысқаны туралы сұрақ қойылған. Бұған жауап ретінде Асхат Аймағамбетов оған алдын ала дайындалған сұрақ қоймауға шақырған.

"Мұндай сұрақтар қойылмауы керек. Жаңа Қазақстан деп жүрміз ғой. Әділетті Қазақстан құрып жатырмыз. Бұл ең алдымен білім беру саласынан басталады. Бір-бірімізге дайын сұрақ қойғанымыз ұят. Кез келген сұрағыңызға жауап беруге дайынмын. Проблемалық сұрақтар бар ма? Әрине, бар. Сол мәселелерді талқылап, шешуге тырысамыз. Материалдық-техникалық базаға қатысты проблемалар бар, оқулықтар, оқу бағдарламалары бойынша проблема бар, аттестаттау мәселелері бар, көптеген мәселе бар. Сіз оларды бізге қоятын болсаңыз, сапарымыздың басты мақсаты айқындалады: келу, ашық сөйлесу", - деді министр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова