"Шешім қабылдау оңай болмады". Жұлдыз Абдукаримова оқырмандарын алаңдатып қойды

"Шешім қабылдау оңай болмады". Жұлдыз Абдукаримова оқырмандарын алаңдатып қойды
Фото: Instаgram/zhuldyzabdukarimovaofficial

Танымал актриса, тележүргізуші Жұлдыз Абдукаримова күтпеген мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ол Instagram-парақшасында бөлісті. 

"Бұл баланы ұзақ жыл бойы армандасам да, шешім қабылдау оңай болмады. Алдымен ойымда, одан соң жүрегімде, кейін ғана құрсағымда көтердім. Шынымды айтсам, айналамның, жақын жандарымның қолдауына, жылы сөздері мен сеніміне қатты мұқтаж болдым. Ең қызығы, осы іздегендерімді сырттан емес, өз ішімнен таптым. Себебі бұл ойым туралы алғаш айтқанымда маған күлгендер де, сенгендер де, қолдағандар мен күмәнданғандар да болды. Бірақ мені бұл жолы ештеңе тоқтата алмады..." - деп жазған актриса. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Жулдыз Абдукаримова (@zhuldyzabdukarimovaofficial)

Абдукаримованың оқырмандары түрлі пікір қалдырған. 

"Әр нәрсені бір шолып, қазақ халқын жынды қылмай, жасырмай айтпайсыз ба?" "Теска, мыжып қайтесіз, сол бесінші балаңыз өзіңізден басқа ешкімге қызық емес негізі.. Өзіміз де жетеді. Сәттілік не болса да", "Кітап па бірдеңе жайлы секілді. Әлде үй жануары ма", "Арман адастырмай мені қоя тұр, Жалған, құшағыңды маған жая тұр. Алдадың сіз бізді тағы да алдадың", "Ойбай, қанша тусаң да туа бер, туатын жастасың ғой", - деп жазған Желі қолданушылар. 

Еске салайық, бұған дейін ол "көптен бері тілеп жүрген жаңалықтарыңыз орындалды" деп, мәлімдеме жасаған еді. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек