Қарағанды ​​маңында 14 жүк вагоны рельстен шығып кетті

Қарағанды ​​маңында 14 жүк вагоны рельстен шығып кетті
Фото: pexels.com

Қарағанды ​​облысында Қарабас учаскесінде 14 жүк вагоны рельстен шығып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Қазақстан темір жолы" компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2022 жылғы 17 қарашада сағат 06:15-те Қарағанды облысының Қарағанды-Сұрыптау-Ақадыр учаскесінің 767 Қарабас-ОП аралығында жүк пойызының 14 вагоны рельстен шығып кетті. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ", - делінген хабараламада.

Бұл учаскеде жолаушылар және жүк пойыздарының қозғалысы уақытша тоқтатылды. Алдын ала болжам бойынша, рельстен шығу жекеменшікке тиесілі вагондардың дұрыс жұмыс істемеуінен болған.

ҚТЖ-да болған оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды.

Оқиға орнына Қарағанды, Жаңаарқа, Астана станцияларының үш қалпына келтіру пойызы жұмылдырылған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек