Алматыда ерекше бақ пайда болады

Алматыда ерекше бақ пайда болады
Фото: Видеодан алынған кадр

Алматыда ALA халықаралық авиация коды түрінде отырғызылған БАҚ пайда болады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қоғам қайраткерлері Алматы әкімдігімен бірлесіп, ертең ALA бақшасын отырғызу жұмысын аяқтайды. Бақта 2,5 мың екі метрлік қылқан жапырақты арша 3 гектардан аса жерге отырғызылған.

Бақ әуекемелері қонған кезде ұшақ жолаушыларына әріптер көрінетіндей етіп отырғызылған. Бірақ ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл әріптер ғарыштан да көрінеді.

"Әлемдік тарихта қалуға тырысамыз. Бұл бірегей аттракцион ағаштардан отырғызылған ең үлкен сөз ретінде Гиннестің әлемдік рекордына енуді көздейді", - деді жоба авторы Дәуіт Шайхисламов.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Daut Shaikhislam (@daut.shaikhislamov)

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова