Өзгеріс бар. Қазақстандықтар желтоқсанда қанша күн демалады?

Өзгеріс бар. Қазақстандықтар желтоқсанда қанша күн демалады?

Биыл желтоқсанда қазақстандықтар қанша күн демалады? Massaget.kz тілшісі анықтады. 

Желтоқсанда мерекелерге байланысты біршама өзгеріс бар. 

Біріншіден, 1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күні демалыс болмайды. Ол мемлекеттік мерекелер қатарынан алып тасталды, енді ол Мемлекеттік рәміздер күні, Алғыс айту күні сияқты атаулы даталарға және әлеуметтік мәні жоғары әлеуеті бар басқа да даталарға ұқсас болып қалдырылды.

Биыл 1 желтоқсан бейсенбіге сәйкес келеді және толық жұмыс күні.

Екіншіден, биыл Тәуелсіздік күніндегі демалыс күндері қысқарды. Енді мереке тек бір күн - 16 желтоқсанда тойланады. Ал 17 желтоқсан жұмыс күні болады.

Биыл 17 желтоқсан сенбіге сәйкес келеді және аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар үшін демалыс күні болады.

Яғни 16 желтоқсан және сенбі, жексенбі күнгі демалыстарды қосқанда қазақстандықтар желтоқсанда 10 күн демалады.  

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина