Ыстамбұлда газ жарылып, бірнеше адам зардап шекті

Ыстамбұлда газ жарылып, бірнеше адам зардап шекті

Ыстамбұлдың орталық Фатих ауданында газ жарылысынан 10 адам зардап шекті, - деп хабарлайды Mash telegram-арнасы.

Арна мәліметінше, аудан көшелерінің бірінде газ қызметкерлері жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқанда белгісіз себептермен газ шығып, салдарынан жарылыс болған.

gazeta.ru басылымы жарылыс салдарынан өрт шыққанын, өрт үш қабатты ғимараттың бірінші қабатын шарпығанын, болған оқиғадан көшеде үрей, шу туғанын жазды. Оқиға орнына жеткен өртсөндірушілер өртті аз уақытта ауыздықтаған.

10 адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Олардың арасында газ мекемесінің үш қызметкері бар екені анықталды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова