Өскеменде тестке дайын болмаған оқушы мектепте бомба барын хабарлаған

8 қарашада Өскемен қаласы білім беру бөлімінің электрондық мекенжайына қаланың 6 мектебін жару қаупі жөнінде хат келіп түскен. Тексеріс барысында ақпарат расталмаған, жарылғыш заттар анықталмады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Терроризм актісі туралы жалған хабарлама үшін облыстық Полиция департаменті қылмыстық іс қозғаған. 

15 қарашада жедел-іздестіру іс-шаралары барысында департаменттің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ұлттық қауіпсіздік органдарымен бірлесе отырып, жалған хабарлама үшін қаланың бір мектебінің 9-сынып оқушысы анықталып, ұсталды. Оқушы мектептегі тестілеуге дайын болмағандықтан осындай әрекетке барған. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!