Павлодарда 17 жыл іздеуде жүрген ресейлік ұсталды

Павлодарлық полицейлер облыс аумағында өткен рейд кезінде 17 жыл іздеуде жүрген Ресей азаматын ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Басылым мәліметінше, өңірде "Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу рейдтік іс-шарасы кезінде бұрын жасалған қылмыстық істер ашылған.

"Арнайы іс-шара нәтижесінде іздеуде жүрген 6 адам ұсталды. Мысалы, полиция Ресейдің Омбы облысы бойынша іздеуде жүрген ер адамды анықтады. 43 жастағы ер адам 2004 жылы Ресей аумағында адам зорлаған. Ал 30 жастағы Тәжікстан азаматы өткен жылдың қараша айынан бастап мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткеннен кейін тергеушілерден жасырынып жүрген", - деді Павлодар облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!