Польша аумағына екі зымыран құлады

Польша аумағына екі зымыран құлады

Украина шекарасынан 8 шақырым жердегі ауылда екі зымыран құлап, салдарынан екі адам қаза тапты, - деп хабарлайды ZET радиосы.

Радио мәліметінше, поляк құтқарушылары ауылдағы жарылыс дерегін растаған, бірақ оның себептері туралы ештеңе айтпаған.

Оқиға орнында полиция, прокуратура және әскер жұмыс істеп жатқаны атап өтілді.

Премьер-министр Матеуш Моравецкий оқиғаға байланысты министрлер кеңесі мен Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс комитетінің шұғыл отырысын ұйымдастырды. Ол сондай-ақ жергілікті БАҚ-ты расталмаған ақпаратты жарияламауға шақырды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова