- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Бақытгүл Хаменоваға қатысты...
Бақытгүл Хаменоваға қатысты сот үкімі шықты
Атырау қалалық №2 соты Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменоваға қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сот оны кінәлі деп танып, жеті жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Облыстық соттың баспасөз қызметі мәліметінше, Бақытгүл Хаменованың кәмелетке толмаған баласы болуына байланысты жазасын өтеу мерзімі үш жылға шегерілген.
31 қазанда Хаменованың ісі бойынша Атыраудың №2 сотында тараптардың жарыссөздері басталған еді. Ал прокурор сотталушыны жеті жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.
"Мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырып, 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Мерзімі орташа қауіпсіздік мекемесінде өтелсін. Сондай-ақ, Хаменова "Құрмет" орденінен айырылсын. Хаменованы қамауда ұстау уақытына қарай жаза мерзімі 1,5 күн үшін 1 күн есебінен қамауда ұсталсын. Сотталушының кәмелетке толмаған баласы болуына байланысты жазасы үш жылға дейін шегерілуін сұраймын", - деді прокурор Лаура Асанова.
Айта кетейік, Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменова 2021 жылғы 10 желтоқсанда ұсталған еді. Хаменова мен облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев Атырауда Абай Құнанбаев ескерткішін орнатуға мемлекеттік сатып алу шартын жасағаны үшін 4,5 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген болатын.
Еске салайық, бұған дейін Хаменоваға қатысты сот үкімі қашан шығатыны белгілі болғаны хабарланған еді.
@massaget.kz #хаменова#бақытгүлхаменова#сот#7жыл#атырау#қазақстан#пара#казахстан#жемқорлық ♬ оригинальный звук - Massaget.kz
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова