Астанада есірткі жарнамалайтын 17 сайт бұғатталды

Астанада есірткі жарнамалайтын 17 сайт бұғатталды

Астана прокуратурасы есірткі жарнамалайтын 17 сайтты анықтап, бұғаттады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі елорда прокуратурасының ресми сайтына сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, Қалалық психикалық денсаулық орталығының наркологиялық бөліміне жатқызылғандар саны жыл өткен сайын көбейіп жатыр. Мысалы, 2021 жылы 2 080 науқас болса, 2022 жылдың 10 айында 2 126 науқас.

"Қазір әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде есірткілердің жарнамалары қолжетімді. Елордалық прокуратура осындай 17 сайтты анықтады. Мысалы, "Q" сайтында есірткі құралдары ашық жарнамаланған, жеткізушілердің де толық деректері тұр.

Қабылданған шаралар арқылы 17 есірткі сайты бұғатталды. Есірткінің таралуын болдырмау жөніндегі жұмыс уәкілетті органдардың ерекше бақылауында.

Мұндай сайттарды сіздер де байқаған жағдайда дереу келесі нөмірлерге хабарлаңыздар", - делінген прокуратура таратқан хабарламада.

Қалалық прокуратураның кезекші прокуроры - (7172) 71-24-67;

Полиция департаментінің сенім телефоны - (7172) 71-63-93;

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова