Маңғыстау облысында жантүршігерлік жол апаты болды

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Атамекен ауылы маңында жантүршігерлік жол апаты болып, екі адам қаза тапты, - деп хабарлайды inaktau.kz.

Басылым мәліметінше, жол апаты 14 қарашада жергілікті уақыт бойынша 21:45-те болған. Желіде апат орнында түсірілген видео тарады. Апат салдарынан бір көлік өртеніп, екі адам қаза тапқан.

"Өрт толықтай өшірілді. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша Мұнайлы аудандық полиция бөлімінде тіркелді", - делінген хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!