Зеленский Херсонға барды

Украина президенті Владимир Зеленский Херсонға Ресей әскері қаладан шығарылғаннан кейін бірнеше күн өткен соң келді, - деп хабарлайды "Украинская правда"

БАҚ-та тараған кадрларға қарағанда, Украина басшысы әскерилермен кездескен.

Сондай-ақ, Украина президенті журналистермен сөйлескен.

Айта кетейік, Владимир Зеленский Оңтүстік Херсон аймағында жұмыс істеп жатқан тергеушілер "Ресей әскері жасаған 400-ден аса әскери қылмысты ашқанын" мәлімдеген еді. Ал 9 қарашада Ресей әскерін Херсоннан шығаратынын хабарлады.

Еске салайық, бұған дейін Украинадағы кейінгі ахуалға шолу жасаған болатынбыз. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!