Атырауда қарулы қарақшы ұсталды

Атырауда қарулы қарақшы ұсталды

Атырауда полиция қызметкерлері қарулы қарақшыны ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Басылым мәліметінше, 12 қарашада сағат 11:00 шамасында "Авангард" шағынауданында ер адам дүкен сатушысын тапаншамен қорқытып, 200 мың теңгеден аса ақшасын иемденген.

"Жедел басқару орталығына осы жағдай туралы хабарлама келіп түсті, оны 5546 әскери бөлімінің жедел батальонының кезекшісі, аға сержант Нұрбол Жайлиев қабылдады.

Біраз уақыттан кейін бірлескен іс-әрекет нәтижесінде МП-65К травматикалық тапаншасымен қаруланған ер адам табылып, Атырау қалалық ІІБ-на тапсырылды", - делінген полиция хабарламасында.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова