- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Түркиядағы жарылысқа кінәлі...
Түркиядағы жарылысқа кінәлі болуы мүмкін әйелдің суреті жарияланды
Түрік бұқаралық ақпарат құралы Ыстамбұлдағы жарылысқа кінәлі болуы мүмкін әйелдің суретін жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Mash Telegram-арнасына сілтеме жасап.
БАҚ мәліметінше, суреттегі әйелдің Ыстамбұлдағы жарылысқа қатысы болуы мүмкін. Журналистер әйел адам жарылғыш заты бар пакетті қаланың туристік орталығында, Истикляль көшесінде қалдырып кеткенін айтады. Артынша жарылыс болып, салдарынан алты адам қаза тауып, 53 адам зардап шеккен.
Еске салайық, бұған дейін Ыстамбұлдың басты туристік көшесінде жарылыс болғаны хабарланған еді. Сағат 16.20-да болған жарылыстан кейін ауданға бірнеше жедел жәрдем қызметі және өртсөндірушілер келген.
Аудан қоршауға алынды. Азаматтарға ауданға кіруге тыйым салынды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина