Ақтаудағы атыс: 6 күдікті ұсталды

Ақтаудағы атыс: 6 күдікті ұсталды
Фото: видео кадры

Ақтаудағы атыстан кейін полиция алты күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz Telegram-арнасына сілтеме жасап.

"Ақтау қаласы Полиция басқармасының криминалдық полиция қызметкерлері бұзақылық ниетпен кісі өлтіруге оқталу дерегі бойынша 6 күдіктіні анықтап, ұстады. Осы оқиғаға қатысқандардың бәрі уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.

Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жария етілмейді.

Еске салайық, бұған дейін 12 қарашада Маңғыстау облыстық ауруханасына "WOW" кафесінен 19 жастағы екі жігіт жеткізілгені хабарланған болатын. Олардың біреуінде оқ жарақаты, ал екіншісінде тізе буынының жабық жарақаты болған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Д. Шәріпхан