ШҚО тұрғындары жолда жүрген аюды видеоға түсіріп алды

Шығыс Қазақстан облысындағы Катонқарағай ауылы маңында жол бойымен келе жатқан аю видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видео Tik-Tok-тағы Oskemenlive-парақшасында жарияланды.

Видеода қоңыр аю қар басқан жолмен кетіп бара жатқаны және оны түсіріп келе жатқан көліктен мүлде үркімегені көрсетілген.

@oskemenlive ? #устькаменогорск ♬ оригинальный звук - Усть-Каменогорск | Oskemen

Әлеуметтік желі қолданушылары жануар көмекке мұқтаж деп пайымдаған, өйткені олардың пікірінше, бұл уақытта аю қысқы ұйқыға жатуы керек болған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!