Алматыда барахолкадан шыққан өрт ауыздықталды

Алматыда барахолкадан шыққан өрт ауыздықталды
Фото: Видеодан алынған кадр

Алматыдағы барахолкадан шыққан өрт ауыздықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, өрт сағат 12:13-те оқшауланған.

"Алапат өрт 1 сағатта 1,5 мың шаршы метр аумақта оқшауланды. Жану ошағын анықтауға тепловизорлар тартылды, қойманың бетон конструкциялары құлауы мүмкін. Өртсөндірушілер қауіпсіздік шараларын сақтайды. Қабылданған жедел шаралар арқасында іргелес және көршілес контейнерлер, тауарлары, материалдық дүниелері бар қоймалар қорғалды", - деді Алматы ТЖД өкілі.

Өрт сөндіруге 25 техника, 86 адам жұмылдырылған. Бұдан бөлек, қаланың өзара іс-қимыл қызметтері ішінен коммуналды қызметтер, ПД және басқалары жұмылдырылған.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда барахолкадан өрт шыққаны хабарланған болатын. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова