Алматыда демалыста бірнеше көше жабылады

Алматыда демалыста бірнеше көше жабылады
Фото: @ Константин Чалабов

Алматыда 13 қарашада City Run 2022 жарысы өтеді, соған байланысты сағат 04:00-ден 11:00-ге дейін жолдардағы қозғалыс ішінара жабылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Almaty Marathon-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жарыс "Астана" алаңында басталады. 

Төле би көшесінде Абылай хан даңғылынан Панфилов көшесіне дейінгі қозғалыс сағат 04:00-ден 11:00-ге дейін жабық болады. 

Төле би көшесінде Наурызбай батыр көшесінен Абылай хан даңғылына дейінгі қозғалыс сағат 07:45-тен 09:40-қа дейін жабық болады. 

Наурызбай батыр көшесінің бойында Төле би көшесінен Шевченко көшесіне дейінгі қозғалыс сағат 08:00-ден 09:30-ға дейін жабық болады. 

Шевченко көшесінің бойында Наурызбай батыр көшесінен Панфилов көшесіне дейінгі қозғалыс сағат 08:05-тен 09:20-ға дейін жабық болады. 

Панфилов көшесінің бойында Төле би көшесінен Бөгенбай батыр көшесіне дейінгі қозғалыс сағат 08:15-тен 09:45-ке дейін жабық болады. 

Бөгенбай батыр көшесінің бойында Абылай хан даңғылынан Панфилов көшесіне дейінгі қозғалыс сағат 08:15-тен 09:45-ке дейін жабық болады. 

Абылай хан даңғылының бойында Төле би көшесінен Бөгенбай батыр көшесіне дейінгі қозғалыс сағат 08:15-тен 09:45-ке дейін жабық болады. 

Деректер жарысқа қатысушылардың қозғалыс уақытының ұтымды бөлінуін ескере отырып енгізілген.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек