"Қайттым ауылға, енді келмеймін". Сағаттап кептелісте тұратын алматылықтар жанайқайын жеткізді

"Қайттым ауылға, енді келмеймін". Сағаттап кептелісте тұратын алматылықтар жанайқайын жеткізді
Фото: Әлихан Сариев

Алматының екі негізгі проблемасы бар: тұмша мен кептеліс. Бұл өзге қалалардан не аймақтардан келетін адамдардың жиі айтатын сөзі. Расында қалада кешкі уақытта не қандай да бір жол апаты болса карта "қызарып" шыға келеді. Алайда алматылықтар сол жағдайдың өзінде көңілін көтеруге тырысып жатады. Massaget.kz тілшісі танымал жол көрсету қосымшасы 2гис-тегі алматылықтардың кептеліс кезіндегі қызық пікірлерін жинады.   

Шаляпин мен Момышұлы көшелерінің қиылысында тұрған Көркем Әмірхан атты тұрғын "Мына кептелістен шығу жолы бар ма өзі?" деп қынжылды. Бұл шамамен 18.30-да болған жағдай. 

Қалада кешкі уақытта Момышұлы көшесінің бойында кептеліс қатты болған. Оған дәлел төмендегі скрин. 

"Қайттым ауылға, енді келмеймін", - дейді белгісіз қолданушы. 

Кептеліс кезінде танысып жатқадар да болды. 

"Мемлекеттік нөмірі ***, маған жазыңызшы", - дейді белгісіз ару. 

Оған ер адам жауап ретінде нөмірін қалдырып, "маған жаз" дейді.

Кеше, 10 қарашада кешкі уақытта Жандосов көшесінің бойы да қызарып кеткен. Көліктер қозғалмай, уақыт тоқтап қалғандай болған.  

"Дем алуды ұмытпаңдар!", - дейді Еркебұлан атты қала тұрғыны. 

Ал Абай даңғылының бойымен келе жатқан мына адам "өмірінің бәрі кептеліс болып кеткенін" айтады. 

Арасында жүргізушілерге ұрысып үлгергендер де бар. 

"Кептеліс болатынын біле тұра әдейі бағдаршамнан өтіп тұрасыңдар ма?" - дейді белгісіз автор. 

Төле би көшесінің бойында қып-қызыл кептелісте тұрған Рауан Қойшыбаев атты тұрғын "көршілерінен" темекі сұраған. 

Ал мына пікірді автобустағы кептелісте тұрған адам жазған болуы керек. 

"Автобустағы әйелдер, басқа жолаушыларды аяңдаршы, әтірді сонша көп шашпаңыздаршы", - дейді тұрғын.  

Әл-Фараби даңғылының бойымен қозғалып келе жатқан мына адам Есентай сауда орталығына жақын көлікті сатып алатынын айтады. 

Бұл Абай даңғылы мен Жароков көшесінің қиылысында кептелісте тұрған, өзге аймақтан келген тұрғынның жанайқайы. 

"Қашан үйге қайтамыз? Шаршап кеттім Алматыдан", - дейді тұрғын. 

Ал бұл сабаққа кешігіп жатқан студенттің жанайқайы.  

Белгісіз тұрғынның сөзінше, бұл жерде кептеліс бағдаршамның салдарынан болатын көрінеді. Тіпті оны алып тастауға арнайы петицияға қол жиналып жатыр екен.  

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина