"Миллиардтарды о дүниеге алып кетпейсің!" Димаш Құдайберген соғысқа қарсы мәлімдеме жасады

Димаш Құдайберген соғысқа қарсы мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы өнер иесі Instagram-парақшасында бөлісті.

"Кейде отырып, дұрыстап ойлану керек. Бүгін бөлмемде отырып, халқымыздың болашағы, отбасымның келешегі туралы көп ойландым. Соғыстағы балалар туралы көп видео көрдім. Олар жерден нан үгіндісін жинап, сосын одан сорпа пісіреді екен... тек нан мен цемент дәмі бар сорпа ғана... Мен бұл видеоны тамақтанып алғаннан кейін көрдім", - деп жазған әнші.

Әнші неге өмірде мұндай жағдай болып жатқанына күйінді.

"Неге көп адам аштықтан зардап шегеді? Неге адамдар соғыстарға миллиардтаған ақша жұмсайды, ал бұл ақша әлемдегі миллиондаған адамның өмірін сақтауға жұмсалмайды. Саған қарғыс атқан ақша не үшін керек? Сен бұл миллиардтарды бәрібір о дүниеге алып кетпейсің. Соғыстан зардап шекпеген күнді біздің ұрпақ көрмей кететін шығар", - деп жазған әнші.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!