Қаскелеңде "VIP-рұқсат қағазбен" көлік жүргізіп, жол ережесін өрескел бұзған қыз халықтан кешірім сұрады

Қаскелеңде "VIP-рұқсат қағазбен" көлік жүргізіп, жол ережесін өрескел бұзған қыз халықтан кешірім сұрады

Қаскелеңде "VIP-рұқсат қағазбен" көлік жүргізіп, жол ережесін өрескел бұзған қыз халықтан кешірім сұрап видео жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"EGOV.PRESS порталында жарияланған видео үшін барша Қазақстан халқынан шын жүректен кешірім сұраймын. Аталған видеодағы әрекеттерімнің дұрыс емес екенін түсіндім және сол әрекеттерім үшін кінәмді толықтай мойындаймын. Алдағы уақытта осындай жағдайлар қайталанбауына сөз беремін. Сонымен қатар, мұғалім болып жұмыс істемеймін және қандай да бір лауазымды қызмет атқаратын туысқандарым жоқ", - деді ол.

    ПД-нің мәліметінше, қыз жұмыс істемейді, ол бұрын да білім беру ұйымдарында мұғалім болып жұмыс істемеген. Ал жалған "VIP-рұқсат қағазды" Instagram желісінде белгісіз тұлғалардан алған.

    Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

    Г. Досымшалова