СҚО-да түрмедегілер төбелес шығарды: бір адам қаза болды

Солтүстік Қазақстан облысындағы қатаң режимдегі колонияда төбелес болып, бір адам аурухананың жансақтау бөлімінде есін жимастан қаза болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚР ІІМ-нің телеграм-арнасына сілтеме жасап.

"9 қарашада №51 РММ төтенше қауіпсіз мекемесінде сотталған екі адам арасында төбелес болып, сотталғандардың бірі екіншісінің басын балғамен бірнеше рет ұрған. Салдарынан 46 жастағы сотталушы Айыртау ауданының орталық аудандық ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылып, есін жимастан көз жұмды", - делінген хабарламада.

Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігі (Кісі өлтіру) бойынша тіркелді. Ұсталған адам Айыртау аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!