Депутатқа Қазақстан туы жабылған жылқы берілген: әкімдік пікір білдірді

Депутатқа Қазақстан туы жабылған жылқы берілген: әкімдік пікір білдірді
Фото: atpress.kz

Атырау облысы Құрманғазы ауданында аудандық мәслихат депутаты 63 жасына сый ретінде жылқы алып, Желіде сынға ұшырады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ATPress.kz басылымына сілтеме жасап. 

Мемлекеттік тумен "қапталған" ерекше сыйлық әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Желі қолданушыларының көбі ауыл тұрғындары сыйды әсірелеп жібергенін жазған. 

Бұл оқиғаға қатысты аудан әкімдігі пікір білдірді. 

"Бұл сыйлық ардагерлер кеңесінің Қоғамдық бірлестігі, сондай-ақ Құрманғазы ауданы Еңбекші ауылдық округі тұрғындарының атынан берілді. Туған күн иесіне құрмет ретінде жылқы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туының элементтері бар арнайы шапанмен жабылған. Айта кетейік, бұл шапан үй жануарлары дүкенінен сатып алынған", - деді әкімдік өкілдері.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина