"Мен неге жылап отырмын?" Төреғалидің әкесі қызының ұзату тойында ән айтып, Желіні тәнті етті

Әнші Төреғали Төреәлінің әкесі қызының ұзату тойында ән айтып, Желіні тәнті етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Айта кетейік, Төреғали Төреәлінің екінші қарындасы, блогер Дина Төреәлі ұзатылды. Видеоны Динаның өзі Instagram-парақшасына жүктеген.  

"Әкенің орны бөлек қой бөлек қашан да... Әкесі бар адамдар бақытты адам. Динажан, бақытты бол", "Мен неге жылап отырмын?", "Жаным әкелеріміз қанша мықты дегенмен, біз олардың осал тұсымызғой шіркін. Мен әкемнің жылағанын бірінші рет ұзатуымда көріп қимастық сезімде болғанын сезінгенмін. Жанының бір бөлшегін жұлғанмен тең сезім. Ерекше", "Менің әкемнің арманы осы екен, өмір бақи тірі болатын сияқты ішіндегі арманын білмеппін. Әкешім өмірі аз қалғанын білгенде бұл өмірдегі жалғыз арманы қызын тұрмысқа бере алмағанын айтып, көзімше жылап алды. Әкенің осылай шығарып салғаны қандай бақыт", - дейді блогердің оқырмандары. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!