Футболдан әлем чемпионаты ойындарын кімдер жүргізеді?

Футболдан әлем чемпионаты ойындарын кімдер жүргізеді?

Футболдан Катарда өтетін әлем чемпионаты ойындарының ел аумағындағы ресми хабар таратушысы - "Қазақстан" телерадиокорпорациясы 14 комментатордың есімін жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Тікелей эфирде қазақ тілінде Есей Жеңісұлы, Ермұхамед Мәулен, Жандос Байділдә, Ерсін Ерікұлы, Уәлихан Қосанбай, Әлімжан Асқарұлы, Руслан Бақытжан, орыс тілінде Сергей Райлян, Ербол Қайыров, Дмитрий Настеренко, Виктор Кирилюк, Дінмұхаммед Төлегенов, Дидар Қадыров және Әділет Құсайынов комментаторлық етеді.  

Әлем чемпионатының 64 матчы Qazaqstan және Qazsport телеарналарынан көрсетіледі. Qazaqstan телеарнасындағы ойындар тек қазақ тілінде жүргізіледі.

Алғашқы ойын 20 қарашада елорда уақытымен 22:00-де Катар - Эквадор командалары арасында өтеді.

Қазақстандық жанкүйерлер әлем біріншілігін Qazaqstan және Qazsport телеарналарының тікелей эфирінен және qazaqstan.tv, qazsporttv.kz ресми сайты мен Qazaqstan.tv мобильді қосымшасы арқылы онлайн көре алады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Е. Төлеш