Бүгін еліміздің бірқатар өңірінде қар жауады

Бүгін еліміздің бірқатар өңірінде қар жауады

Қазгидромет 10 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Бүгін Қазақстанның басым аумағында атмосфералық өзгерістер әсерінен ауа райы тұрақсыз болады, солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қар жауады", - делінген "Қазгидромет" хабарламасында.

Еліміздің басым бөлгінде тұман, солтүстігінде, шығысында көктайғақ, солтүстігінде, шығысында, орталығында жел күшейіп, бұрқасын болады.

Астанада көшпелі бұлт шығып кей жерлерде аздаған қар жауып, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел секундына 9-14 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -2-4, күндіз 0-2 градус болады.

Алматыда көшпелі бұлт шығып, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Жел секундына 0-5 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -1-3 аяз, күндіз +4+6 градус болады.

Шымкентте көшпелі бұлт шығып, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Түнде тұман түседі. Шығыстан соғатын жел секундына 3-8 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -2-4, күндіз +9+11 градус болады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова