Назым Қызайбай Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Назым Қызайбай Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды
Фото: ©ҚБФ

Қазақстандық Назым Қызайбай бокстан Амманда (Иордания) өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалында жеңіліп қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

50 келіге дейінгі салмақта ол жапониялық Намики Цукимимен кездесті.

Жекпе-жек 4:1 есебімен жапон боксшысының жеңісімен аяқталды.

Осылайша, Қызайбай құрлық біріншілігінің қола жүлдесін қанағат тұтты.

Еске салайық, Қызайбай әлем (2014, 2016) және Азия чемпионатында (2021) жеңіске жеткен болатын.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Е. Төлеш